10 маусым мен 19 шілде аралығында «Жетібай-Жаңаөзен» автожолының 28-31 шақырымдық бөлігі (аэродромдық учаскесі) барлық көлік қозғалысы үшін уақытша жабылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы филиалы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Автожол Қорғаныс министрлігі бөлімшелерінің оқу-жаттығу өткізуіне байланысты жабылады.
Аталған жол учаскесінде Жаңаөзен қаласы бағытына және қарама-қарсы бағытта көлік құралдарының қозғалысы айналма жол бойымен ұйымдастырылады.
- Жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін қатаң сақтауға, уақытша жол белгілері талаптарын орындауға және айналма жолмен жүруге шақырамыз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - делінген хабарламада.